Газобетон автоклавного твердения

Телефондары:

(727) 290-16-98
(727) 290-36-99
Жүріс схемасы

Өндіріс технологиясы

Ұяшықты-бетонды өнімдерді технологиялық дайындау процесі келесілерден тұрады; шикізат өнімдерін қабылдау және дайындау, ұяшықты-бетонды ерітінді даярлау, ұяшықты бетон массивтерін даярлау, массивтерді жеке бөліктерге бөлшектеу, автоклавты өңдеу және қапталау.

Ұяшықты бетонды даярлау үшін тек жоғары сапалы компоненттер қолданылады, олар; құм, цемент, гипс, сөндірілмеген әк, алюминь ұнтағы және су. Шикізат материалдары зауыдқа әр түрлі көліктермен жеткізіледі. Материалдардың сақталуы арнайы сүрлемдерде қарастырылған, құм – қоймада, алюминь ұнтағы – арнайы сауыттарда. Ұсақталған кварц құмы құмды шлам ретінде қолданылады. Шламды даярлау үшін ылғалды ұнтақтау диірменіне құм мен су мөлшерленіп қосылады. Шеңберлі диірменге шикізат материалдарын салу, автоматтандырылған таразылы дозаторлар арқылы дәл өлшеніп реттелген көлемде қосылып отырылады. Құмды шлам пневмоқұрал арқылы шламбассейніне жіберіледі, ол жерде механикалық араластыру арқылы оның гомогенизациялануы жүзеге асады. Даяр болған құмды шлам пневмоустановка арқылы ерітінді даярлау бөлімінің шығу багіне жіберіледі. Ұяшықты-бетонды ерітіндіні дайындау зауыдтың ерітінді дайындау бөлімінде жүргізіледі.

Ұяшықты бетондарды араластыру арнайы газобетон араластырғыштарда жүргізіледі, нәтижесінде ерітіндінің біртектестігі (гомогенность) жоғары деңгейде болады.

Ұяшықты-бетонды ерітіндіні дайындау үшін байланыстырғыш, кремнийқұмды компонент, алюмини суспензиясы және су белгіленген рецептура бойынша, салмағы бойынша дозаланған көлемде қосылады. Ерітіндінің жоспарланған құрамы компоненттердің қатаң дозалануымен жүзеге асырылады.

Формалау-кесу бөлімі ұяшықты-бетонды массивтерін формалау постысынан, ұяшықты-бетонды массивтерін алдын-ала сақтау және кесу (тазалау, құрастыру, колибровкалау, смазкалау, қалдықтарды жою, жинақтау және кесілген формаларды тасымалдау учаскілері) учаскілерінен тұрады. Формалау процесі ерітіндіні смесительден қалыпқа құю және кептіру процесінен тұрады. Формалау процесінің аяқталуы кептіруден кейінгі максималды биіктікке жеткен соң және ерітіндіден газдың белсенді бөлінуінің тоқтауымен белгіленеді.

Ұяшықты-бетонды ерітінді формаларын кептіргеннен кейін, шикізатты постыда пластикалық беріктік қалыптасқанша ұстайды. Шикізат жетілгеннен кейін және оның пластикалық беріктігі 0,15-0,04 Мпа жеткен соң, олар формалардан түсіріліп, кесу комплексіне жіберіледі.