Газобетон автоклавного твердения

Телефондары:

(727) 290-16-98
(727) 290-36-99
Жүріс схемасы

Қалау бойынша нұсқаулар

Қауіпсіздік техникасы

Қауіпсіздік техникасын сақтау қажет, Мемлекеттік бақылау талаптарын ескеру және қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын ескеру қажет. Қалау орнына блоктары бар поддондарды траверс көмегімен жылжыту.

Орама ленталарын қайшымен металл үстінде кесу.

Желім жағу

Желім ерітіндісін даярлау үшін таза пластмас шелек қажет. Шелекке қап сыртындағы нұсқауда көрсетілген көлемде су құйып, оған құрғақ ұнтақ қосылады. Содан соң араластырғыш құралды электродрельге орнатып жай айналымға қосып араластырады.

Ұяшықты бетоннан жасалған блоктар желім ерітіндісімен қаланады. Жалғанатын тұстың қалындығы 2-3 мм-ден аспауы керек. Ұяшықты бетоннан жасалған блоктарды цемент-құмды СН 290-74 ерітіндісімен қалауға да болады. Бірақ бұл жағдайда, жалғанған тұстың қалындығы 10-20 мм болады, сәйкесінше, қабырғалардың жылу сақтау деңгейі төмендейді. Құрғақ ауа-райында әдеттегі ерітіндіні қолданбас бұрын, оны алдын ала ылғалдандыру қажет.

Бірініші қатарды қалау

Бірініші қатардын қалауында бірінші бұрыш блоктары қаланады.

Блоктарды бірінші қатарға қаламас бұрын, оның гидроизоляциясын қамтамасыз ету қажет.

Бірініші қатардың барлық блоктары цементті-құмды ерітіндіге 1:3 қатынасында отырғызылады. Бірініші қатардың қаптал блоктары желім ерітіндісіне отырғызылады.

Блоктардың бірінші қатарын қалаған кезде өте мұқият болу өте маңызды, себебі бірінші қатар жоғары қатарлар үшін «фундамент» болып табылады.

Бірініші қатар қаланып болған соң, сүргінің көмегімен қисық тұстары болса тегістелеліп, шаң мен қоқыстардан тазартылады. Ерітіндіні вертикалды шофтарға арнайы мастерка арқылы жағу керек. Қойылған әрбір блокты арнайы резеңке балғамен түзулеп отыру керек.

Екінші қатарды қалау

Екінші қатардың қалануы бірінші қатармен тығыз байланысты орналастырылады (блок биіктігі минимум 0.4). Желім арнайы мастерканың көмегімен 1 мм қалындықпен горизонтальды жағылады. Блок асқан дәлділікпен орналастырылады, оның орналасуы деңгей өлшегіш көмегімен тексеріліп отырады. Шофтардан шыққан ерітіндіні қайта жақпай, мастеркамен алынып тасталады. Блоктың кез-келген бөлігін ара немесе өлшем бұрышы арқылы жеңілдікпен кесіп тастауға болады. Электр арасын қолдану тіптен ыңғайлы, оның көмегімен кез-келген формадағы қисықтықтарды алып тастауға болады.

Бекіту

Ұяшықты бетон блоктары – дюбль немесе кәдімгі шегемен оңайлықпен шегеленетін құрылыс материалы. Жоғары салмақты заттар үшін (жуынғыш, су ысыту құралдары және т.б.) инъекциялық бюдель қолданған дұрыс.