Газобетон автоклавного твердения

Телефондары:

(727) 290-16-98
(727) 290-36-99
Жүріс схемасы

Дайындау жұмыстары бойынша нұсқаулар

Құрылыс алаңын немесе объектіні дайындау

  • Жұмыс орының жарықтандыру;
  • Алаңдарды блоктарды қоймалау үшін дайындау; материалды жабық қоймаға орналастыратын орын дайындау (құрғақ ерітінді заттары үшін);
  • Объектіге құралғыларды кіргізіп орналастыру және іске қосуға дайындау, бейімдеу, құрал-саймандар, ЖӨЖ (Жоба өндіріс жұмыс) белгіленгендей көлемде құралғылар; Жұмыс алаңына беріп тұру үшін монтаж краның немесе көтергіш құралды орналастыру;
  • Қалау жұмыстарының өнімділігі үшін көмекші құралдарды қолдану; қалау жұмыстарының 6-8 м биіктігінде құрылыс тақтайларын қолдану, саты және т.б. қолдану.;
  • Объектіге бес суткаға жететіндей көлемдегі блоктар мен құрғақ ерітінід кіргізу;
  • Жер теліміндегі ғимараттың геодезиялық жағынан бөлшектеу (жоспарлы және биіктік), нольдық горизонттың абсолютты белгісін көрсету (Бірінші қабат таза еденінің деңгейі);
  • Жобаға сәйкес, гидрооқшаулау мен қабырға фундаменттері құралдарын орындау;
  • Жұмысшыларға ерітінді дайындау мен қабырға қалауды үйрету жұмыстарын жүргізу;
  • Жұмысшыларға жұмыс орының ұйымдастыру, жұмыс барысындағы қауіпсіздік әдістері мен құралдары жайында таныстыру және түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру.

Жұмыс орының ұйымдастыру

  • Блоктар мен ерітінді қоймалжын заттарының орналасуы, қалаушылардың ыңғайлы қозғалыстарына жауап берулері керек және оғаш қозғалысқа итермелемейтіндей орналасуы керек.
  • Қалаушылардың жұмыс аймағы 600-700 мм-ді құрайды.;
  • Блоктарды биіктегі тақтай төсемдерге орналастырғанда, ерітіндісі бар жәшіктер ортасына қою;
  • Ерітіндісі бар жәшіктерді тұрғызылатын қабырғаға перпендикулярлы орналастыру;
  • Блоктар мен ерітіндісі бар жәшіктер арасында 300 – 400 мм ашық қалдыру керек;
  • Жұмыс орынының жалпы ені қалыпты жағдайда 2000 – 2500 мм;
  • Жұмыс орынындағы блоктар қоры екі-үш сағаттық қажеттілікке жететіндей болуы шарт;
  • Ерітінді қоймалжын жұмыс орынында блоктарды қалар алдында дайындалады;
  • Әрі қарай материалдар олардың қажеттілігіне сәйкес беріліп тұрады;
  • Жұмыс фронты қармауларға бөлінеді, ал олар өз кезегінде мөлдектерге бөлінеді;
  • Мөлдектердің қармаулардағы саны, қалаушылардың санына байланысты қабылданады;
  • Қабырғаны қалау биіктігі бойынша ярустарға бөледі, әрқайссының биіктігі 1,2 м аспайды.;
  • Бір қабат қабырғасының қалауы 3 ярусқа бөлінеді;
  • Бірінші ярустың қалауы астыңғы қабаттың жабылу тұсынан бастау алады, екінші және үшінші ярустар тірек тақтай тұсынан басталады;
  • Мөлдектердің ұзындығы бірінші ярустың қалануына байланысты және соған байланысты есептелген.