Газобетон автоклавного твердения

Телефондары:

(727) 290-16-98
(727) 290-36-99
Жүріс схемасы

Әрлеу

Блоктардан тұрғызылған қабырғалардың сыртын әрлеу

Құрылыс блоктары – жоғары буөткізу қасиеті бар және берік жабық ұңгіршіктер жүйесі бар гидрофилды материал. Массивтерді жеке блоктарға бөлшектеу кезінде, ішкі бөліктегі үңгіршіктер, блоктардың бетінде көрініп қалады. Егер де, бұндай блоктардың сыртын әрлеусіз қалдырса, блоктардың үңгіршікті бетінде шаң-тозаң жиналып және жауын-шашынның әсерінен ылғалданады.

Шаң-тозаң мен жауын-шашын қышқылды орта қалыптастырады. Әлсіз болса да, қышқылды ортаның ұзақ уақыт әсер етуі блоктардың беткі қабатының қараюына әкеліп, бастапқыдағы біркелкі реңктің жағымсыз қошқылдануына себеп болады.

Сыртқы қабатты әрлеу бойынша ұсыныстар:

  1. Кез келген вентиляцияланатын қаптауыш материал, декоротивті панель, сайдинг, вагонка
  2. Блок пен кірпіштің арасында, 30-40 мм. саңылау (мүмкіндігінше вентиляцияланатын) қалдырып қаптауыш кірпішпен қалау
  3. Газобетонға арналған жеңіл сылақпен жұқартып сылау
  4. Блоктар арасындағы саңылауларды жауып, одан кейін буөткізгіш сырлармен сырлау

Сыртқы қабырғаны сылақпен әрлеу

  1. Әрлеу жұмыстарына кіріспес бұрын, тегіс емес жерлерді блок қалауға арналған ерітіндімен толтырып тегістеу қажет
  2. Беткі қабаттағы тегіс емес жерлерді үккішпен тегістеу
  3. Нәтижесінде пайда болған шаңды щеткамен тазалап тастау
  4. Металлдан жасалған жартылай үккішпен сылақтың астарлы қабатын жағу
  5. Жартылай үккіштің көмегімен, жағылған ерітіндіге сылақ торын қойып, оны ерітіндіге енетіндей қылып батыру
  6. Торға сылақтың екінші деңгейін, яғни грунттық сылақты жағып, оны тегістеу
  7. Сылақ кебуі қажет. Содан кейін қаптауыш бөлігін жағып, оны тегістеу керек
  8. Үккіштің көмегімен беткі қабатты өңдеу

Жарты кірпішпен қаптап қалау

Блоктардан тұрғызылған қабырғалардың сыртын жарты кірпішпен қалау, фундаментті қою кезінде ескерілуі қажет. Себебі, фундаменттің ені блоктармен қоса кірпіштерге де негіз бола алатындай болуы шарт. Жарты кірпіштен қалаудың фундамент шетінен сыртқа шығуы 30 мм-ден аспауы қажет болса, блок пен кірпіш қалауы арасындағы саңылау 30 мм-ден кем болмауы қажет.

Блок пен кірпіш өзара металл немесе плактикшынылы байланыстырушылармен бекітілуі керек. Байланыстырушылар көлемі – 4 дана/кв.м.

Байланыстыру заты негізінде келесілерді қолдануға болады:

  • Газобетонға балғамен қағылатын Turbo Fast спиральды шегелері
  • Ұзындығы 120 мм-ден кем болмайтын тот баспайтын шегелер. Олар газобетонға екі данадан қатар, бір біріне 450 градустан кем болмайындай етіп қағылады
  • Қалындығы 1,5–2 мм цинкті перфополос. Олар газобетонды қабырғаны тұрғызу кезінде, блоктарға шегемен горизонтальды қағылып, содан соң кірпіш қалауы арасындағы саңылауларға кіргізіледі.

Кірпіш қалауынан жасалған қаптауда, блоктардың ылғалдануын болдырмас үшін келесі шаралардың біреуін қолдану қажет:

  • Фундамен пен қаптау қалауының жалғасқан жерінен, қаптау қалауы көлемінің 1%-ынан кем болмайтындай етіп вентиляциялық тетіктер жасау
  • Рулонды гидрооқшаулау материалдары көмегімен газобетонды конденсаттан қорғау жұмыстарын жасау

Аспалы вентиляциялық фасадтары

Блоктардан тұрғызылған қабырғалардың сыртын қаптауда вентиляциялық фасад ең орынды нұсқа болып табылады.

Сертификатталған фасад жүйелерінің көптеген түрлері бар, олардың бекіткіш элементтер комплектісі, кронштейндер, бағыттағыш профильдермен, қаптаудың әр түрлеріне арналған фиксаторлары бар. Бұл жүйелермен әртүрлі ғимараттарды қаптауға, оның ішінде биік ғимараттарды да қаптауға болады.

Төмен құрылымдарды қаптау заты ретінде тақтайлармен жабылған вертикалды ағаш қаптауыштарды, сайдинг немесе плиткалы қаптауыш, көлемді материалдарды қолдануға болады. Бұл жағдайда (желдің әсерінде жиі болмайтын ғимараттар үшін) ағаш қаптауларды бекіту үшін пластик дюбельдерін немесе шегелерді қолдануға болады.

Блоктардан тұрғызылған қабырғалардың ішкі бетін өңдеу

Қабырғаның беті таза болуы керек және шаң болмауы шарт. Бұл үшін, жұмысты бастамас бұрын, блоктардың беткі қабатындағы шаңды шеткамен тазалап тастау керек.

Ішкі қабырғаның тегіс болуы үшін, түсқағаз жабыстыру немесе сырлау жұмыстарын жасамас бұрын жұқа қабат сылақпен сылап өту керек. Тұрғын бөлмелердің қабырғаларын тегістеуде ылғал әсеріне әлсіз ерітіндіні қолдануға болады. Құрғақ бөлмелерді тегістеуде гипстік ерітінділер де жарамды.

Ылғалды бөлмелерді тегістеуге (ванна, душ бөлмелері, салқын бөлмелер және т.б.) цементтік негіздегі ылғалға шыдамды ерітінділер қолданылады. Қабырға бетін су ығыстыратын ерітіндімен өңдеу қажет.

Плиткаларды қалау үшін қабырғаға арнайы желімді жағып, оны ирек шпательмен тегістеңіз. Плиткалардың бірінші қатары тірек тақтайдың үстінен қаланып, қажет биіктікке дейін көтеріліп қапталады. Төменгі қатар плиткалары тірек тақтай алынып тасталғансын қаланады.