Газобетон автоклавного твердения

Телефондары:

(727) 290-16-98
(727) 290-36-99
Жүріс схемасы

Сұрақтар мен жауаптар

Қалауды арматуралау қажет пе? Оны қалай жасау керек?

Көп жағдайда аз қабатты құрылыстарды арматуралаудың қажеті жоқ. Жоспарлаушылардың нұсқауы бойынша, арматуралаудың қажет болатын жағдайлары болады. Мән беретін жәйт: арматуралау үшін болат торларын қолдануға болмайды. Ол қалаудың құрамдық сапасын төмендетеді. Егер арматуралау қажеттілігі туындаса, шыны талшықты торларын немесе жеке өзек арматураларын ұзындығына бойлай орналастыру керек.

Техниканың қажеттілігі немесе қажетсіздігі немесе жұмыс барысындағы энергоүнемділік деңгейі қаңдай?

Газобетон блоктары зауыдтан қала сыртындағы объектілерге жеткізіледі және автокөлікке манипулятор арқылы жайғастырылады, яғги, қосымша жүккөтергіш техниканың қолдануынсыз. Бұдан кейінгі барлық операциялар: блоктарды жоспарлы қалыпқа қою, желімді ерітіндіні даярлау және оны төсеу, длоктарды кесу қарапайым құралдармен атқарылады және энерго үнемдеу мен механизацияны қажет етпейді. Қалау жұмыстарын механизациялауға болады, бірақ дәл солай қол еңбегінің көмегіне ғана жүгінумен шектелуге болады.

Газобетон теплонмен жұмыс жасау үшін қажетті құралдар қаңдай?

Қол еңбегіне қажетті құралдар:
  • Желімді ерітіндіні дайындауға қажетті шелек;
  • Желімді орналастыру үшін қажетті шпатель немесе шөміш;
  • Блоктарды сай етіп кесу үшін қажетті қол ара;
  • Тегіс емес жерлерге арналған ірі тегістеуіш;
  • Көктеу-щеткасы

Газобетонды блоктарды қалау үшін арнайы кәсіби мамандарды тартуда қажеттілік бар ма?

Газобетонды қабырғаларды тұрғызу және оны жоспарлау күрделі жұмыс болып табылмайды. Қала сыртындағы шағын үйді жоспарлап және оны тұрғызуды, құрылыс заңдылықтарынан көп хабардар емес адамның қолынан да келеді.

Әртүрлі өндірушілердің газобетондарында қаңдай айырмашылық бар?

Айырмашылық, бірден көзге көрінетін блоктардың геометриялық түзулігінде болуы мүмкін. Назар аударатын жайттар; тығыздығы, беріктігі, кепкендегі отыруы және көлемдердің геометриялық дұрыстығы.

Теплонды қолданудағы артықшылықтар қаңдай?

  • Материал жеңіл, бұл объектінің жалпы салмағын азайтады, ал бұл өз кезегінде фундамент құрылымына кететін шығындарды азайтады (сонымен қатар шыдамдылығы мықты).
  • Қабырға тұрғызуға кететін шығындардың азаюы.
  • Жылу сақтау қасиетінің жоғарылығы.
  • Дыбыс оқшаулау қасиетінің жоғарылығы.
  • Теплон, ағаш сияқты «демалады», яғни ауаны тарылтпайды, бірақ одан артықшылығы, теплон ағаш секілді шірімейді.
  • Өңдеуге жеңіл. (егеу, тесу, кесу).
  • Аталған артықшылықтардың салдарынан құрылыс мерзімі мен өзіндік құны азаяды.

Не себепті, автоклаты газобетон қолдану керек? Автоклавты газобетонды блоктар автоклавсыздардан немен ерекшеленеді?

Блоктар өздерінің жоспарлы беріктігіне автоклавтардан кейін жетеді, су буының қаныққан ортасында материалдың пропорциялық тығыздығы әрі беріктігі үлгілі деңгейге жетеді. Автоклавтан кейін, бастапқыда оған қажетті болған ылғалдылық жойылады. Автоклавты газобетон шөкпейді. Автоклавтанбаған өнім өзінің физико-техникалық бейімдері бойынша, автоклавтанған өнімнен біршама ерекшеленеді.

Блоктардың монтажы ерітіндінің көмегімен жүзеге асады ма?

Әрине, цемент-құмды ерітінді қолдануға болады, бірақ, арнайы желімді ерітіндіні қолдану үнемдірек, сонымен қатар ол қосылған жерлердің қалындығын азайтады (2 – 3 мм дейін), салдарынан суық мостиктері пайда болмайды. Желім шығыны - 17 кг/м3.

Фасадты қаптаудың қажеттіліктері бар ма?

Фасадты қаптау қажеттірек. Бұл жерде сылақ, қаптау кірпіштері, фасадты вентиляциялайтын құрылғылар қолданылуы мүмкін. Фасадқа қосымша жылу сақтау жұмыстарын жасау қажет емес.

Блок көлемдері қаңдай? Сыртқы қабырғаны тұрғызу үшін блоктың ені мен тығыздығы қаңдай болуы шарт?

31 кг тартатын қалыпты газобетон блогының көлемі 625 х 250 х 400 (ұзындығы, биіктігі, ені), сонымен қатар ені бойынша басқа өлшемдер болуы мүмкін (100ден 400 мм дейін). Бөлмеаралық блоктар — 625 х 500 х (100 – 150 мм). Блок тығыздығы 400 – 500 кг/м3 болған жағдайда, сыртқы қабырғаның 400 мм болғаны жеткілікті. Автоклавты газобетон блоктарынан жасалған қабырғалар бір қабатты және жылытуды қажет етпейді.

Блоктарды қаңдай мақсаттарда қолданады?

Құрылыста теплонды қабырға және бөлмеаралық қабырға тұрғызу үшін қолданады. Теплонның ауыр салмаққа шыдамдылығы, 5 қабатқа дейінгі биіктіктегі ғимараттарды арнайы салмақ ұстау құралдарсыз тұрғызуға мүмкіндік береді. Көпқабатты каркасты үлгідегі ғимараттарды салу кезінде теплон, құрылымды қоршау заты ретінде қолданылады (сыртқы және ішкі қабырғаларды тұрғызу).