Газобетон автоклавного твердения

Телефондары:

(727) 290-16-98
(727) 290-36-99
Жүріс схемасы

Газобетонның ерекшеліктері

Жеңілдік

Газобетон – құрылыс материалдарының ішіндегі жеңіл түрі. Ұяшықты бетоннан жасалған қалыпты ұсақ блок (ГОСТ 31360-2007), тығыздық маркасы Д600, көлемі 300х250х600 мм., салмағы 22,5 кг құрайды және 25 дана кірпішті алмастыра алады, ал 25 кірпіштін таза салмағы 112 кг болар еді. Газобетонның жеңілдігінің есесінен, көлікке орналастыру мен іргетас құрастыруға кететін шығындарды едәуір төмендетуге болады. Газобетон қолдану, еңбек шығының азайтады.

Жылу сақтау деңгейі

Газобетон үңгіршікті құрылысының арқасында, жылу сақтау деңгейі өте жоғары құрылыс материалы болып табылады. Газобетоннан тұрғызылған қабырғалар ҚНжЕ (Құрылыс нормативтері және ережелері) тұрғынүй және қоғамдық ғимараттар қабырғаларының жылу сақтауының жаңа талаптарына толығымен сәйкес келеді және жауап береді. Газобетонның құрғақ күйіндегі жылу өткізу коэффиценті - 0,12 Вт/м C0. Үңгіршіктерде қамалған ауа түйіршіктерінің арқасында, жылу өте тиімді сақталады. Үңгіршікті бетондардан тұрғызылған құрылыстардың термокедергілік деңгейі, қыш кірпішке қарағанда 3 есе, ауыр бетонға қарағанда 8 есе жоғары болып келеді. Нәтижесінде, үңгіршікті бетоннан тұрғызылған ғимаратты қолдану кезіндегі жылытуға кететін шығындар 25-30% ға төмендейді.

Газобетонның жылуөндіру қасиеті

Ұяшықты бетонның жылу өндіру қасиеті бар. Ол жылыту жүйесінен және күннен бөлінген жылуды өз бойына жинайды. Сырттағы ауаның температурасы төмендеген кезде, мысалы, түнгі уақытта немесе жылыту жүйесі бәсендеген кезде жиналған жылуды бөлменің ішіне бөледі. Осындай қасиеттердің арқасында барлық үйдің ішінде жылы және жайлы жағдай орнайды. Қыста жылыту жүйесіне кететін шығындар азайса, жазда жағымды қоңыр салқын ауа сақталады. Жылу өткізу немесе сақтау бойынша блоктың қалыпты үлгісі (375 мм), 600-миллиметрлі кірпіш қалауына парапар келеді.

Дыбыс оқшаулау қасиеттері

Газобетонның үңгіршікті құрылысының себебінен, дыбыс оқшаулау қасиеті, кірпіш қалауынан 10 есе жоғары. Ұяшықты бетондардан салынған ғимараттар, дыбыс оқшаулауға байланысты бүгінгі талаптарға сай келеді. Өрт қауіпсіздігі.

Газобетонды жасау үшін тек табиғи минералды шикізаттар қолданатындықтан, оның өртену қаупі өте төмен. Газобетон органикалық зат болып табылмағандықтан, оттың 3-7 сағаттық бір жақты әсеріне төтеп бере алады. Бұл құрылыс материалы металлдық құрылғыларды оттың тікелей әсерінен қорғай алады.

Аязға төзімділігі

Газобетонның аязға беріктігі өте мығым. Бұны, газобетондағы мұз бен судың жиналып ығысатын түйіршіктері барымен және материалдың бүтіндігіне оның ешқандай әсері тимейтіндігімен түсіндіруге болады. Құрылыс технологиясын дұрыс сақтаған жағдайда, газобетонның аязға төзімділігі 25 маусымнан кем емес деп есептеледі.

Беріктігі

Д600(600 кг/м3) тығыздық деңгейінде, газобетонның қысымға беріктігі жоғары болады - 28-40 кгс/см3. Автоклавты өңдеудің есесінен, бетонның беріктік санатының көрсеткіші В2,5. Материалды салмақ түсетін бөлімдердің қабырғаларын, биік ғимараттардың қаңқа қабырғасын, ішкі және бөлмеаралық қабырғаларды тұрғызуда қолдануға болады.

Құрылым тұрғызу мерзімінің жылдамдығы және үнемділігі

Газобетон блоктарының салыстырмалы үлкен көлемділігі және жеңіл салмағының (көтеретін арнайы механизмдерде қажеттілік жоқ) арқасында, құрылыс мерзімі (кейбір есептеулерге сәйкес – 4 есе жылдам) жылдамырақ болады. Сәйкесінше еңбек шығыны төмендейді. Әдеттегі ерітіндінің (раствор) орнына желімді ерітінді қолданылады. Аталған жайттардың есесінен, тұрғызылатын ғимараттың жалпы құның (шығындарды) төмендетуге болады. Үңгіршікті бетоннан тұрғызылған ғимаратты қолдану кезіндегі жылытуға кететін шығындар 25-30% ға төмендейді.

Құрастырымдылық

Құрылғының геометриялық дәлдігі, желімді ерітінді қолдануға мүмкіндік берсе, ол өз кезегінде суықтан қорғайтын таяқшаларды (мостики холода) қолданбауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, геометриялық дәлдіктің тағы бір артықшылығы, тұтасу бөліктері беріктігінің жоғарылығында.

Өндеу жұмыстарының жеңілдігі

Газобетонды кез келген кесу құралымен кесу, егеу, шегелеу және тағы басқа өңдеу жұмыстарын жеңілдікпен атқаруға болады. Осы себепті, құрылыста газобетонды қолдану өте ыңғайлы. Өндеу жұмыстарының жеңілдігі, архитектурада ерекше әрі қызықты шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді. Оның ішінде, каналдарды кескіндеу және розетка, электропровод, трубопроводтарға арналған тесік саңылау орындарын даярлау т.б.

Экологиялығы

Заманауи газобетон құмнан, әктен, цементтен және алюмини ұнтағынан жасалынады. Ол уытты немесе қауіпті заттарды бөлмейді және өзінің экологиялылығы жағынан тек ағаш өнімдеріне біріншілік береді. Дегенмен, ағаштан айырмашылығы, ол ескірмейді және шірімейді. Құрамдас шикізаттардың экологиялық тазалығы, газобетон өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Газобетонның радияциялығы 9-11 мкр/сағ.тан аспайды. Газобетон үңгіршікті материал болғандықтан, одан салынған үйде, ағаш үйдегідей тыныс алу жеңіл. Ұяшықты бетонды өндіру көп энергия шығының қажет етпейді, себебі бетонның қатуы үшін 180-200 С0 температурасындағы будың әсері және 10-12 атмосфералық қысымы жеткілікті. Өңдеуде қолданылған будың қайта қолданылуы және қайта өңдеу мүмкіндіктері, энергия мен суды өндіріс айналымында қайтаруға мүмкіндік береді. Өндіріс қалдықтары қайта қолданылуы мүмкін, бұл өз кезегінде қоршаған ортаны қорғай мәселесінде өте маңызды үлес.