Газобетон автоклавного твердения

Телефондары:

(727) 290-16-98
(727) 290-36-99
Жүріс схемасы

Ұяшықты газобетонның ерекшеліктері

Ұяшықты бетонға тастың да, ағаштың да қасиеттері тән деуге болады. Аталмыш материалдың бұндай қасиеттері оны өте ыңғайлы құрылыс құралы етеді. Ұяшықты бетон тастай берік. Бір блок немесе панель, ондаған тонналық қысымға шыдам көрсетеді. Тас сияқты ол да өртенбейді және су мен ылғалдылыққа төзімді, яғни оған ешқандай әсер етпейді. Ал, екінші қасиеті ол ағаш сияқты жеңіл және өңдеуге жеңіл көнеді. Ағаш секілді ол да оңай тесіледі, кесіледі және тағы басқа өңдеу жұмыстарына жоғары икемді. Бетонда бекіту және жалғауларды жеңілдікпен жүргізуге болады. Ұяшықты бетонның 80%-ы ауа ұяшықтарынан құралғандықтан, ол тамаша жылысақтау қасиетіне ие, яғни, қосымша жылысақтау құралдарын қолдануда қажеттілік жоқ.

Ұяшықты бетондардан тұрғықылған үйлер мен ғимараттар, әртүрлі климаттық жағдайларда аса төзімді және қосымша күтімнің қажеттілігі жоқ. Бұл материалдың ағаштан айырмашылығы, ол шірімейді, ал, темірмен салыстырсақ оны тот баспайды. Ұяшықты бетоннан салынған ғимарат өртенбейді, ал өрт болған жағдайда ол өз құрылымын сақтайды, сол себепті өрт салдарындағы өзгерістерді қалпына келтіру үшін сыртқы бетін жаңартумен шектеледі. Салыстыра отырсақ, өрт салдарынан ағаштан салынған ғимараттар толықтай жанып кетеді, болат немесе темір құрылыстары түс өзгертіп, опырылады.

Ұяшықты бетондардан үйлер, өндірістік және қоғамдық ғимараттар, сонымен қатар ауылшаруашылық қолданысындағы нысаналар салынады. Ұяшықты бетондардан тұрғызылған құрылымдардың қарапайымдылығы мен жылу сақтау қасиеттерінің арқасында, ол суық және жылы климаттық жағдайлардығы тәжірибелерде оң баға алып отыр. Материалдың көлемділігі, жаздың аптап ыстығы мен қыстың қатты аязында болатын, ғимарат ішіндегі температуралық ауытқуларды қалпында ұштаушы фактор болып табылады. Бетонның жылу сақтау коэффицентінің жоғарылығы, жер шарының кез келген аймағындағы құрылыс жұмыстарының биік талаптарына сай келеді. Ұяшықты бетон қатты аяздарға салыстырмалы жоғары шыдамдылыққа ие. Ұяшықты бетондардан тұрғызылған құрылымдардың сыртқы термикалық әсерлерге қарсылығы, саз балшық кірпіштен тұрғызылған ғимараттардан үш есе, ауыр бетондардан тұрғызылған ғимараттардан сегіз есе жоғары. Ұяшықты бетондардан салынған үйлердің тағы бір ерекшелігі, онда суықтан қорғайтын таяқшалардың жоқтығы немесе онда қажетіліктің жоқтығы. Ұяшықты бетондардан салынған ғимараттарды қолдану, жылыту жұмыстарына кететін шығындарды 25-30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұяшықты бетонның дыбысты жұмсарту қасиеті бар. Ұяшықты бетоннан салынған ғимараттар, бүгінгі таңдағы дыбыс оқшаулау сұраныстарына толықтай ие және оған қосымша жұмыстардың қажеті жоқ.

Ұяшықты бетоннан тұрғызылған қабырға конструкцияларын климаттық әсерлерден қорғау үшін кірпішпен, таспен, сайдингпен немесе бір қабат сылақпен қаптау керек.

Ұяшықты бетон – экологиялық таза құрылыс материалы. Германиядағы денсаулық сақтау бойынша Федералды Басқарма сәуле гигиенасы институтының зерттеулеріне сүйенсек, ұяшықты бетонның радио сәулелерін бөлу белсенділігі рұқсат етілген деңгейден әлдеқайда төмен. Көптеген тәжірибелердің қорытындысы бойынша, ұяшықты бетондағы табиғи радионуклидтердің деңгейі - 35 Бер-ден аспайды. Сонымен қатар, одан улы заттар мен газдар бөлінбейді. Даусыз, ұяшықты бетондардан жасалған блоктар тұрғын үйлердің, ауылшаруашылық қолданысындағы ғимараттардың, өндіріс және қойма мақсатындағы ғимараттардың қабырғасын қалауда ең қолайлы әрі қарапайым құрылыс заты. Блоктарды қолдану, құрылысты жоспарлауға, яғни биіктігі мен формасын жоспарлауға ешқандай шектеу қоймайды. Сондықтан, аталмыш блоктардан кез келген үлгідегі ғимарат салуға толықтай болады. Ұяшықты бетондардан жасалған бетондарды құрылыста қолдану кезінде арнайы көтеру механизмдерде қажеттілік жоқ, себебі, ең ірі блоктың салмағы шамамен 30 кг ға жуық болады. Сондықтан, онымен жұмыс жасауды, бір адамның шамасымен қиынға соқпайды. Блоктан кәдімді кірпішті қалағандай қаланады және дәстүрлі ерітіндімен немесе ұяшықты бетондарға арналған арнайы желімді ерітінді арқылы жалғанады. Желімнің қалындығы, бар-жоғы -2-3 мм болып төселеді, осы себепті, суықтан қорғайтын таяқшалардың қажеттілігі жоқ. Ұяшықты бетонның сапасы ГОСТ 31360-2007 стандартына жауап береді. Ұяшықты бетонның жоғары құрылыс-техникалық қасиеттерімен қатар, дайын үлгілердің геометриялық дәлділігіне қол жеткізіледі.